13.10.2011, 12:35 4475

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Шымкентке келді

Tлбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен екі күнге Шымкентке келген.

Шымкент. 13-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Шымкентке келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен екі күнге Шымкентке келген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, бейсенбі күні Н.Назарбаев Тәуелсіздік саябағын аралайды, қаланың индустриалдық аймағына барып, "Арт Құрылыс" ЖШС (темір бетон бұйымдарын шығару жөніндегі инвестициялық жоба), "Ferrum-Vtor" (сұйық әйнек және силикатты үйінді өндіретін цех), "ЮгРемГаз" ЖШС (қысыммен жұмыс істейтін қалбырлар мен құбырлар жөндеу) және кадрлар даярлау орталығының жұмысымен танысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны