21.09.2009, 18:23 3485

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Таразға келді

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Таразға келді

Тараз. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Таразға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар бағдарламасына сәйкес, мемлекет басшысы жылына 11 млн дана гүл өсіретін "Жасұлан и К" ЖШС -агроөнеркәсіптік кешенін аралайды.

Сондай-ақ, ел президенті "ИП Медеуов" жылыжай кешенінде болып, ол жерде жабық жерде ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру жәіне жинау барысымен танысады. Бүгінгі күні кешенде 40 жылыжай жұмыс істеуде. Жылдың аяғына таман олардың санын 100-ге дейін өсіру жоспарлануда", -делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Н. Назарбаев Жамбыл облысының 70 жылдығына арналған салтанатты мерекелік концертке қатысады. Ол бүгін кешке "Баласағұн" орталық концерт залында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны