30.06.2008, 18:09 7437

Қазақстан президентіне Астананың 10 жылдығына арналған медаль табыс етілді

Қазақстан президентіне Астананың 10 жылдығына арналған медаль табыс етілді

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Астананың 10 жылдығына арналған медаль табыс етілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Республика үкіметінің атынан медальді мемлекет басшысына үкімет басшысы Кәрім Мәсімов табыс етті.

"Сіздің үзеңгілестеріңіз бен көмекшілеріңіздің атынан Астананың бас құрылысшысы, Қазақстанның бас құрылысшысы ретінде сізге медаль табыс етемін", - деді премьер. "Қазақстанның тәуелсіздігі сіздің атыңызбен тығыз байланысты, сондай-ақ, өзіңіз 1994 жылдың 6-шілдесінде қабылдаған астананы көшіру туралы шешім айтулы оқиға, үлкен істің бастамасы болды. Бүгінгі Астана Қазақстанның тәуелсіздік жолында жүріп өткен жолының белгісі іспетті", - деді ол.

"Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медалі - Астананың 10 жылдық мерейтойына орай президенттің 2008 жылдың 6-мамырындағы жарлығына сәйкес тағайындалған Қазақстанның мемлекеттік наградасы.

Еске сала кетейік, 6 шілдеде Қазақстан тұңғыш рет Астана күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өтеді. Биыл республика Елордасын Алматыдан Астанаға көшіруге 10 жыл толады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны