30.01.2007, 13:55 2957

Қазақстан президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аяқталды

АСТАНА. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы президенті Германия Федеративтік Республикасына барған ресми сапарынан қайтып оралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Дүйсенбіде Қазақстан президенті Германияның әйгілі мемлекет қайраткерлері ГФР бұрынғы канцлері Герхард Шредермен, НФР экс-президенті Рихард фон Вайцзекермен, Ганс-Дитрих Геншермен, Эрвин Тойфельмен кездесті.

"Қазақстан президентінің сапары барысында ГФР федеральдық канцлері А. Меркельмен, ГФР бундестаг төрағасы Н. Ламмертпен, ГФР федеральдық президенті Х. Келлермен кездесуі жоспарлануда",- деп хабарлады президенттің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны