31.01.2007, 18:33 96266

Қазақстан президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары жалғасуда

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары жалғасуда, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне президенттің баспасөз қызметінен. 
 
Қазақстанның Президенті Германия Федеративтік Республикасының Бундестаг ғимаратына келіп, Бундестаг төрағасы Норбер Ламмертпен кездесті. "Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды нығайту және екіжақты ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Келіссөздер аяқталғаннан кейін президентке Бундестаг таныстырылды. Қазақстан Президенті Бундестаг күмбезінен Берлиннің көрінісін тамашалады",- деп хабарлады баспасөз қызметінен. 
 
Осы күні Қазақстанның елбасы Германия Федеративтік Республикасының федеральдық президенті Херст Келлермен кездесті. "Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері кең ауқымда талқыланды",-  деп хабарлады. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны