28.04.2015, 17:10 4147

Қазақстан Президентініӊ кезектен тыс сайлауы Ресейде өтті

Ресейде бес мыӊнан астам Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына белсенді қатысты. Қорытынды мәліметке сәйкес, Мәскеудегі ҚР Елшілігінде және Санкт-Петербор, Қазан, Омбы және Астрахан қалаларында орналасқан консулдық мекемелерінде сайлауға қатысу көрсеткіші 95,98% пайызын құрады

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Ресейде бес мыӊнан астам Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына белсенді қатысты. Қорытынды мәліметке сәйкес, Мәскеудегі ҚР Елшілігінде және Санкт-Петербор, Қазан, Омбы және Астрахан қалаларында орналасқан консулдық мекемелерінде сайлауға қатысу көрсеткіші 95,98% пайызын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәскеуде жалпы алғанда 1535 азамат дауыс берді, сайлауға қатысу көрсеткіші 95,99% пайызын құрды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлаушылардыӊ 99,73% пайызы дауыс берді.

Санкт-Петербор қаласында 988 азамат дауыс беріп, сайлауға қатысу көрсеткішініӊ 95% пайызын құрды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлаушылардыӊ 99,07% пайызы дауыс берді, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Астрахан қаласында 256 азамат дауыс беріп, сайлауға қатысу көрсеткіші 97,56% пайызын құрды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлаушылардыӊ 100% пайызы дауыс берді.

Қазан қаласында 997 азамат дауыс беріп, сайлауға қатысу көрсеткіші 96,33% пайызын құрды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлаушылардыӊ 100% пайызы дауыс берді.

Омбы қаласында 989 азамат дауыс беріп, сайлауға қатысу көрсеткіші 95% пайызын құрды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлаушылардыӊ 99,59% пайызы дауыс берді.

Ресей елордасында дауыс бергендердіӊ арасында Қазақстан Елшілігініӊ дипломаттары, ҚР Сауда өкілдігініӊ және Еуразия экономикалық одағы комиссиясыныӊ (ЕАЭОК) қызметкерлері, Мәскеудегі ҚР ұлттық компаниялар өкілдері, Мәскеу жоғары оқу орындарыныӊ, әскери мекемелерініӊ студенттері мен курсанттары, сондай-ақ Мәскеуге жолыққан Ресейдіӊ бірқатар аймақтарында тұрып жатқан азаматтар бар.

Қазақстанныӊ Ресейдегі Елшісі Марат Тәжин учаскеге бірінші келген азаматтар қатарында дауыс берді.

Еуразиялық Экономикалық комиссиясыныӊ экономика және қаржы саясатына жауапты мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов өз дауысын беріп, "сайлауға қатысу ол азаматтық борыш, және оны дер кезінде орындап отыру қажет", - деп айтты.

"Бір жағынан сайлау күні мерекелі күн болып сезінеді, себебі мемлекет басшысыныӊ сайлауы секілді стратегиялық маӊызды саяси шешімдерге тікелей қатысатын азамат ұйқыдан көтерінкі көӊіл күйде ерте тұрады" - деп атап өтті.

"Мен бүгін Ата заӊмен бекітілген құқығымды орындау үшін Смоленскіден арнайы келдім", - деді Смоленск Искери академиясыныӊ курсанты Серік Жексенбеков.

"Бүгін барлық еліміз үшін аса маӊызды күн және меніӊ пікірім бойынша еліміздіӊ әр азаматы қай жерде болса да сайлауға қатысуы тиіс", - деді Искери дирижерлер институтыныӊ курсанты Иди Қабдырахманов.

"Бүгінгі сайлау күні еліміздіӊ әр азаматы үшін ерекше маӊызды, себебі отанымыздыӊ болашағы Қазақстан халқыныӊ таӊдауына байланысты, - деді Ресей кеден академиясыныӊ студенті Любовь Рожкова. - Меніӊ ойымша, әрқайсымыз өз азаматтық міндетімізді орындасақ, еліміздіӊ келешегі зор болады".

Мәскеуде өткен сайлауға Владивостоктағы жекпе-жекке қатысып, отанына қайтып келе жатқан қазақстандық палуан Дәурен Ермеков те қатысты. "Мен ресейлік спортшысы Евгений Шаломаевқа қарсы шығып, жекпе-жекте жеӊіске жеттім. Осы жеӊісті бүкіл Қазақстанға арнаймын", - деді чемпион.

Мәскеудегі учаскеге Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Андрей Цыкуновтыӊ келгеніне тіркелген БАҚ-тар ерекше назар аударды.

"Мен Шығыс Қазақстанныӊ Шемонаихинский аумағында дүниеге келдім. Икем соғыста қайтыс болды. Содан кейін мен соғыста қаза тапқан миллиондаған отандастарым үшін кек аламын деген оймен жаяу әскер тобы құрамында шайқастым. Қазақстан жалпыға ортақ Ұлы Жеӊіске елеулі үлес қосты. Оқтардыӊ жартысы туған республикамда жасалғаны белгілі. Барлықтарын келе жатқан жарқын мереке - Ұлы Жеӊіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мен бүгінгі күні Ресей астанасында сайлау құқығымды орындағаныма өте ризамын. Қазақстанныӊ одан әрі дамуына, биік жетістіктерге жете беруіне шынайы тілектеспін!" - деді ардагер.

Халықаралық байқаушылар Мәскеуде өтіп жатқан сайлау үдерісініӊ ұйымдастыруына жоғары бағасын берді. ТМД Парламентаралық ассамблеясы талдау басқармасыныӊ кеӊесшісі Вадим Бекетов "ТМД-ға қатысушы мемлекеттерініӊ Парламентаралық ассамблеясы атынан халықаралық байқаушылар №215 сайлау учаскесінде мониторинг жүргізіп, іс-шараға дайындықтыӊ жоғары деӊгейін атап өтеміз", - деп мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны