13.11.2006, 10:14 2806

Қазақстан президентінің Лондон сапары аясында Алматыдағы аймақтық қаржы орталығы мен Лондон қор биржасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізіледі

ЛОНДОН. 13-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан президентінің Лондон сапары аясында Алматыдағы аймақтық қаржы орталығы мен Лондон қор биржасы (The London Stock Exchange) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі хабарлады.

"Сапар аясында Алматыдағы аймақтық қаржы орталығы мен Лондон қор биржасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады",- деп хабарлайды елшілік.

Қазақстан президентінің Ұлыбританияға сапары 22-қарашада басталады. Елшіліктің ақпаратына сәйкес, Н.Назарбаев "Лондон қор биржасындағы сауда-саттықты ашады". Сонымен бірге мемлекет басшысы Лондон-Сити мэрі-лордпен бірге Қазақстандағы экономикалық модернизацияға арналған бас қосуда сөз сөйлеп, Лондондағы металл биржасына барады.

Елшіліктің ақпаратына сәйкес, Лондон-Сити - Ұлыбритания астанасының ең бір көне және тарихи маңызды орталық аудандарының бірі. Ол әлемдегі ең ірі іскерлік орталықтардың бірі де. Жалпы Лондон экономикасының ауқымды бөлігі осы ауданның үлесінде. Ал Лондонның өзі бүкіл Ұлыбританияның жалпы ішкі өнімінің 30 процентін иемденеді. Лондон-Ситиде әлемдегі барлық валюта операцияларының 30 проценті жүзеге асырылады, ал осы шаралардан түсетін доллар көлемі Нью-Йоркте жүзеге асырылатын доллар операцияларынан асып түседі.

Елшіліктің хабарлауынша, Лондон-Сити мэрін Қазақстанда 2007-жылдың көктемінде күтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны