26.10.2016, 18:04 4696

Қазақстан Президентініӊ Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша жалпы құны 60 млрд теӊгеден асатын 10 келісімге қол қойылды

Қазақстан Президентініӊ Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша жалпы құны 60 млрд теӊгеден асатын 10 келісімге қол қойылды

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президентініӊ Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша жалпы құны 60 млрд теӊгеден асатын 10 келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді.

Брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына жасаған сапарын қорытындылады.

- Сапар аясында энергетика, тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы, сауда-саттыққа қатысты жалпы құны 60 млрд теӊгеден асатын 10 келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, олардыӊ арасында Оӊтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикасы, Ақмола облысындағы азық-түлік өндірісі жөніндегі келісімдер бар. Қазіргі таӊда Қазақстанда Сауд Арабиясыныӊ қатысуымен 17 кәсіпорын жұмыс жүргізуде, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті тауар айналымын ұлғайтуға логистикалық қиындықтар кедергі келтіріп келгенін атап өтті.

- Бұл ретте біз болашақта жемісті ынтымақтастық орнату үшін Жол картасын жасап, екіжақты үкіметаралық комиссия, экономиканыӊ жекелеген салалары бойынша жұмыс топтарын құру туралы келісімге келдік. Біздіӊ елде ортақ жобаларды қаржыландыру үшін бірлескен инвестициялық қор құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ мен саудтық серіктестерімізді инвестициялық-инновациялық жобаларға, "Нұрлы жол" бағдарламасына атсалысуға шақырдым. Бұл Қазақстанныӊ пайдасы үшін ынтымақтастық орнатуға өте жақсы негіз болады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Корольдікпен өзара іс-қимылдыӊ перспективалы бағыттарына назар аударды.

- Саудтық серіктестеріміздіӊ күн мен жел энергетикасын пайдалану тәжірибесі бар. Сауд Арабиясы энергетика саласындағы өздерініӊ жаӊа әзірлемелерімен Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне белсене қатысатын болады. Сондай-ақ келіссөздер барысында біз мұнай мен газ саласындағы жүргізіліп отырған саясатты талқыладық. Жалпы, біз осы өӊірдегі маӊызды бұл елде өте пайдалы әрі аса қажетті кездесулер өткіздік деп санаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Сапар барысында Елбасы Сауд Арабиясыныӊ Королі Салман бен Ибдел Изиз Ил Саудпен кездесті.

Келіссөздер барысында екі елдіӊ көшбасшылары Қазақстан мен Сауд Арабиясы ынтымақтастығыныӊ негізгі бағыттарын, атап айтқанда, сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ тараптар өзара іс-қимылдыӊ түрлі салаларында, соныӊ ішінде ауыл шаруашылығында зор әлеуетке қол жеткізілгенін және қарқынды даму бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысыныӊ Сауд Арабиясына ресми сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

- Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шарт;

- Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы Адамдарды ұстап беру туралы шарт;

- Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігініӊ Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігініӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігініӊ аш-Шура Меджлисініӊ басшысы Абдуллах ибн Мұхаммед Ил-Шейхпен кездесті.

Иӊгіме барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясыныӊ өзара қарым-қатынасын жаӊа деӊгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Елбасы қол жеткізілген уағдаластықтардыӊ іске асатынына сенім білдірді.

Абдуллах ибн Мұхаммед Ил-Шейх Нұрсұлтан Назарбаевты екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту үшін барынша күш салатынына сендірді.

Елбасы Ислам даму банкініӊ президенті Бандар бен Мұхаммад Хаджармен кездесті.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы еліміздіӊ экономикасын нығайтуға және халқымыздыӊ әл-ауқатын арттыруға Ислам даму банкі елеулі үлес қосқанын атап өтті.

- Қазіргі таӊда біз "Астана" халықаралық қаржы орталығын құрудамыз. Ислам даму банкі оныӊ қызметіне атсалысатынына сенімдімін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Иӊгіме барысында банк пен Қазақстанныӊ ортақ жобаларыныӊ жалпы құны 1,3 млрд доллардан асқаны атап өтілді. 2015 жылы Ислам даму банкі құны 665 млн доллар болатын 4 жобаны қабылдап алған.

Бандар бен Мұхаммад Хаджар біздіӊ республикамен табысты ынтымақтастық одан әрі жалғасып, банк Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған жобаларға қатыса береді деп үміттенетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ бас хатшысы Ияд ибн Имин Маданимен кездесті

Келіссөз барысында Қазақстанныӊ Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүшелігі аясындағы екіжақты өзара іс-қимылдыӊ негізгі жайттары талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен құрылған, бүгінде құрамына 32 ел кіретін халықаралық азық-түлік қорыныӊ жұмысын ілгерілету мәселелерін қарастырды.

Бұдан бөлек, Ияд ибн Имин Мадани Мемлекет басшысын Қазақстан тәуелсіздігініӊ 25 жылдығымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ аймақтық қақтығыстарды реттеуге бағытталған барлық бастамаларын қолдайтынын айтты.

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігініӊ іскер топтар өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Сауд Арабиясыныӊ әлемдік деӊгейде жұмыс жүргізетін жетекші компанияларыныӊ басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы біздіӊ елдіӊ Таяу Шығыс аумағындағы негізгі серіктесініӊ бірі екенін айтты.

- Екі ел арасындағы 2015 жылы 16,3 млрд долларға жеткен тауар айналымы көлемін бүгінде айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Қазірдіӊ өзінде Корольдік компанияларыныӊ қатысуымен Қазақстанда 17 ұйым жұмыс жүргізуде, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті екі елдіӊ экономикалық ынтымақтастығыныӊ перспективалы бағыттарын да атап өтті. Олардыӊ арасында тау-кен металлургиясы кешені, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, қаржы және ислам банкингі, атом өнеркәсібі бар.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы сияқты Қазақстанныӊ да табиғи ресурстарға бай екеніне назар аударды.

- Соған қарамастан біз экономиканы әртараптандыруға бағытталған реформаларды іске асырудамыз. Қазақстанныӊ стратегиялық мақсаты - әлемніӊ еӊ озық 30 елініӊ қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жетудіӊ негізгі жолы елдегі кәсіпкерлікті дамыту, бизнеске барынша жеӊілдіктер қарастырып, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев іскерлік және инвестициялық ортаны жақсарту үшін Қазақстанда қолға алынып жатқан жүйелі шараларға тоқталды.

- Дүниежүзілік банктіӊ "Бизнеспен айналысу жеӊілдігі" рейтингінде Қазақстан 41-ші орынға ие болды. Бизнес үшін әкімшілік кедергілер мейлінше азайтылды. Қазір бізде 10 арнайы экономикалық аймақ құрылып, онда либералды салық режімі қолданыла отырып жұмыс жүргізілуде, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы кәсіпкерлерін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.

- Өз кезегінде Қазақстан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Мәселен, инвестор корпоративтік табыстан және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазір республикада ірі мемлекеттік нысандарды жекешелендіру науқаны жүргізіліп жатқанын айтты.

- Жалпы құны 10 миллиард доллар болатын 800-дей мемлекеттік кәсіпорын бәсекелестік ортаға шығарылды. Тізімге мемлекеттіӊ үлесі бар тау-кен металлургиясы, мұнай өӊдеу, энергетика, көлік және байланыс саласындағы кәсіпорындар, инфрақұрылым нысандары енгізілген. Сауд Арабиясы компанияларыныӊ осы жекешелендіру шарасына қатысуын қолдаймыз, - деді Қазақстан Президенті.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысына және келер жылы "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбы бойынша өтетін "ЭКСПО-2017" көрмесіне тоқталды.

Сауд Арабиясы бизнес құрылымдарыныӊ жетекшілері Қазақстанда жасалып жатқан қолайлы инвестициялық жағдай үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін жеткізді. Атап айтқанда, олар ауыл шаруашылығы, мұнай өӊдеу, металлургия және атом энергетикасы салаларына қызығушылық танытты.

Соӊында Қазақстан Президенті өзара тиімді серіктестіктіӊ жаӊа мүмкіндіктері жасала беретінін және оныӊ перспективасына сенімді екенін айтып, Сауд Арабиясы бизнесініӊ "капитандарына" табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Amiantit Group компаниясыныӊ вице-президенті ханзада Турки бен Мұхаммад бин Фахдпен кездесті.

Иӊгіме барысында қазіргі өзара іс-қимылдыӊ бірқатар мәселелері қарастырылып, алдағы уақыттағы ынтымақтастықтыӊ перспективалы бағыттары талқыланды.

Су инжинирингіне және мұнай-газ саласына арналған құбыр шығаруға маманданған Amiantit Group компаниясыныӊ басшылығы елімізде қолайлы инвестициялық жағдай жасалып отырғаны үшін ризашылық танытты.

Тараптар әріптестік қарым-қатынастыӊ одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны