07.07.2015, 11:35 3331

Қазақстан Президентініӊ туған күніне байланысты Германия Федеральды канцлері Ангела Меркельдіӊ құттықтауы

А.Меркель өз құттықтауында Қазақстан мен Германияны түрлі саладағы тығыз серіктестік біріктіретініне тоқталған

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - А.Меркель өз құттықтауында Қазақстан мен Германияны түрлі саладағы тығыз серіктестік біріктіретініне тоқталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Халықаралық қоғамдастық үшін өзекті болып отырған сын-қатерлер жағдайында Қазақстан аса сындарлы рөл атқаруда. Елдеріміз арасындағы өзара сенімді және серіктестік қарым-қатынастарды арттыра түсу, сондай-ақ Қазақстанда демократияны, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қағидаттарын дамыту ісінде Сіз алдағы уақытта да Федеральды үкіметтіӊ қолдауына сенім арта аласыз", - делінген жеделхатта, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Германия Федеральды канцлері Нұрсұлтан Назарбаевқа бақ-береке, мықты денсаулық және табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны