10.09.2007, 16:51 2832

Қазақстан президентінің Түрікменстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделуде

Қазақстан президентінің Түрікменстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделуде.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10-қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 11-12 қыркүйекте өтетін Түрікменстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.

"Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, екі жақты шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізеді. Келіссөздердің негізгі өзегі қазақ-түрікмен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарын әрі қарай дамыту жайы болады",- деді Е.Ашықбаев.

Атап айтқанда, тараптар қазақстандық компаниялардың Түрікменстандағы мұнайгаз кеніштерін игеру жобаларына, ек ел арасындағы темір жол мен өзге де көлік жолдары тармақтарының құрылысына қатысу, бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін, сондай-ақ өазар қарыздарды реттеу, Түрікменбашы қаласында қазақ мектебін салу мәселелерін талқылауы жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны