14.11.2012, 16:51 2744

Қазақстан рейсті кешіктірген кезде немесе ұшырылмай қалған кезе жолаушыларға қызмет көрсетпеген жағдайдағы жауапкершілікті күшейтпек

Көлік және коммуникация министрлігі ҚР Парламентінің қарауына теміржол, автомобиль, су және әуе көліктері саласындағы заңнамалық базаны жетілдіре түсуге бағытталған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ұсынды.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан рейсті кешіктірген кезде немесе ұшырылмай қалған кезе жолаушыларға қызмет көрсетпеген жағдайдағы жауапкершілікті күшейтпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көлік және коммуникация министрлігі ҚР Парламентінің қарауына теміржол, автомобиль, су және әуе көліктері саласындағы заңнамалық базаны жетілдіре түсуге бағытталған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ұсынды.

Аталған заң жобасының негізгі мақсаты: әкімшілік кедергілерді азайту, отандық көлік саласының бәсекелестікке қабілеттілігін және қызмет көрсету сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен бірге заңнаманың халықаралық келісімдер талаптарымен үндесуі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны