28.12.2016, 16:57 4100

Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы аӊшылық қаруы мен оқ-дәрілерді жасырып алып өтпек болған азамат ұсталды

Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы аӊшылық қаруы мен оқ-дәрілерді жасырып алып өтпек болған азамат ұсталды,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы аӊшылық қаруы мен оқ-дәрілерді жасырып алып өтпек болған азамат ұсталды,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Петропавл шекара отрядына қарасты "Жаӊажол авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды "Тойота" автокөлігімен елімізден Ресей жаққа қарай сапар шегіп бара жатқан 32 жастағы отандасымызды ұстады.

Шекаралық бақылау кезінде оныӊ автокөлігініӊ артқы орындығыныӊ астына жасырылған аӊшылық қаруы және 12-ші калибрге арналған 21 патрон табылды.

Аталған дерек бойынша СКО Мамлют аудандық ішкі істер бөлімі хабарландырылды.

Сондай-ақ, ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Қазақстандық шекарашылар қызмет барысында иесіз жатқан екі центнер балықты анықтады.

Шекара қызметініӊ"Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасына қарасты "Евразия" шекара заставасыныӊ наряды Орал-Каспий арнасыныӊ жағасында иесіз жатқан 3,5 қапшық балыққа кезікті. Таразыға өлшеп жібергенде олардыӊ салмағы 200 кг болып шықты.

Шекарашылардыӊ олжасы "Надежда"ЖШС берілді.

ҰҚК ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасында үлкен көлемдегі байланыс құралдарын заӊсыз алып өтпек болған азаматтыӊ жолы кесілді.

"Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды 59 дана телефонды заӊсыз әкетуге тырысқан 27 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады. Шекаралық бақылау кезінде оныӊ жүгініӊ ішіне жасырылған "IPHONE","SAMSUNG", "NOKIA" маркалы телефондар табылды.

Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны