16.01.2017, 12:05 3816

Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасында сусын деп сыра алып өтпек болған азамат ұсталды

Жүргізуші көрсеткен жолқағаз бойынша жүк көлігіне "Coco Cola" сусындары тиелген екен. Бірақ, шекарашылар тексеру барысында жүк көлігініӊ қорабынан сусындар емес, керісінше салмағы 10 тонна болатын "Kozel" сырасын анықтады.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасындағы "Жаӊажол" бақылау-өткізу бекетініӊ (СҚО) шекара наряды елімізден Ресей Федерациясына қарай сапар шегіп бара жатқан "Вольво" жүк көлігін тоқтатуға мәжбүр болды,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Жүргізуші көрсеткен жолқағаз бойынша жүк көлігіне "Coco Cola" сусындары тиелген екен. Бірақ, шекарашылар тексеру барысында жүк көлігініӊ қорабынан сусындар емес, керісінше салмағы 10 тонна болатын "Kozel" сырасын анықтады. Сөйтіп, 47 жастағы қазақстандық азаматтыӊ шекарашыларды алдамақ болған қулығы іске аспай қалды.

Аталған іске қатысты материалдар СҚО ішкі істер департаментіне берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны