15.04.2008, 15:34 2589

Қазақстан, Ресей мен Изербайжан шекарашыларының бірлескен операциялары барысында Каспийде 683 шекара бұзушы ұсталды

Қазақстан, Ресей мен Изербайжан шекарашыларының бірлескен операциялары барысында Каспийде 683 шекара бұзушы ұсталды

Алматы. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан, Ресей мен Изербайжан шекарашылары мен Маңғыстау және Атырау облыстарының құқық қорғау органдарының бірлескен операциялары барысында Каспийде 683 шекара бұзушы ұсталды, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бірлескен шаралардың барысында 683 шекара бұзушы, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде болу және онда жүзу ережелерін бұзған 184 адам ұсталып, 14 контрабанда оқиғасының жолы кесіліп, 11 шағын кеме мен 165 шағын жүзу құралы тәркіленді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Браконьерлерден 29 шақырымнан астам ау, 60 шақырымнан астам "калада" үлгісіндегі браконьерлік аң аулау құралы, 12 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық, 2,5 тоннадай частиковый тұқымды балық, 160 килограмм уылдырық тәркіленді. 453 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Ресей біріккен "Путина" іс-шарасының барысында сәуірде мемлекеттік шекара бұзған 22 адам ұсталып, 1,5 тонна частиковый тұқымды балық, 216 дана алтын бұйым мен 10 тонна қара металл контрабандасының жолы кесілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны