14.12.2016, 11:28 3481

Қазақстан - Ресей шекарасында ет контрабандасы анықталды

Қазақстан - Ресей шекарасында үлкен көлемдегі 4 тонна құс еті мен қой етін алып өтпек болғандардыӊ жолы кесілді,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан - Ресей шекарасында үлкен көлемдегі 4 тонна құс еті мен қой етін алып өтпек болғандардыӊ жолы кесілді,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қостанай шекара отрядына қарасты "Қайрақ-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды бір сөткеніӊ ішінде ет өнімдерін заӊсыз өткізуге қатысты екі деректіӊ жолын кесті.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясына "ГАЗ" жүк көлігімен кетіп бара жатқан 47 жастағы қазақстандықтыӊ ет өнімдерінен шикілік табылды. Оныӊ құжаттары бойынша көлік қорабында салмағы 500 килограмм болатын 25 дана қойдыӊ тұтас еті болуы керек еді. Ал тексере келгенде, одан салмағы 1300 кг болатын, 65 дана қойдыӊ тұтас еті анықталды.

Осы күні 32 жастағы қазақстандық азамат та мемлекеттік шекара арқылы заӊсыз түрде 3 тонна құс етін өткізуге әрекеттенді. Ұсталған азамат "Хюндай" автокөлігімен Қазақстаннан Ресей жеріне қарай сапар шегіп барады екен.

Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны