23.02.2010, 16:05 3117

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі шетел азаматына заңсыз берілгені үшін қылмыстық іс қозғалды - Бас прокуратура

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі шетел азаматына заңсыз берілгені үшін қылмыстық іс қозғалды - Бас прокуратура

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі шетел азаматына заңсыз берілгені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысының прокуратурасы көші-қон заңнамасының қолданылуын тексеру барысында заң бұзушылық дерегін анықтады.

Атап айтқанда, Түрікменстан Республикасының А есімді азаматы Қазақстан Республикасына келгеннен соң 2008 жылғы 6 маусымда заңсыз құжаттандырылып, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алған.

Алайда, Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылдың 25 наурызындағы №560 санды жарлығына сай, азамат А. азаматтық алған адамдардың тізімінде жоқ екендігі белгілі болды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының көші-қон полициясы басқармасына Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға ол өтініш бермеген және ешқандай кұжаттар тапсырмаған.

Осыған байланысты, облыстық прокуратура 2010 жылы 10 ақпанда Жаңаөзен қаласының қөші-қон полициясының қызметкерлерімен ресми құжаттарға жалған мәлімет көрсетіп, №6 формалы жалған анықтама берген дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 314- бабының 2- бөлігімен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын ұйымдастыру үшін Маңғыстау облысының қаржы полициясына жолдады, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны