27.03.2018, 15:47 4587

Қазақстан Республикасы бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарыныӊ сайлау қорытындылары жарияланды

Барлығы елімізде 68 депутат сайланған, оныӊ ішінде 10 облыстық, 17 қалалық және 41 аудандық мәслихат депутаттары бар

Астана. 27 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 25 наурызда "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" ҚР Конституциялық заӊыныӊ 101 бабыныӊ 4 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасыныӊ 15 ауданында шығып қалған мәслихат депутаттарыныӊ орнына сайлау өтті.

Барлығы елімізде 68 депутат сайланған, оныӊ ішінде 10 облыстық, 17 қалалық және 41 аудандық мәслихат депутаттары бар.

Астана қаласында бос округтыӊ болмауы себебінен сайлау өткізілген жоқ.

Сайлау науқаны барысында депутаттыққа 243 кандидат ұсынылып, олардыӊ ішінен барлық деӊгейдегі мәслихаттарға 202 кандидат тіркелген.

Сайлауға 15 облыстық, 17 қалалық, 36 аудандық, 68 округтік, 292 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылған.

Орташа бәсекелестік шамамен бір депутаттық мандатқа 3 кандидаттан келеді (2,97), дауыс берушілердіӊ саны 67,4% құрады.

Сайланған мәслихат депутаттарыныӊ 51-і ер адам (75,0%), 17-сі әйел адам (25,0%).

Сайланған мәслихат депутаттарыныӊ орташа жасы - 44,3.

Сайлау науқаны ҚР сайлау заӊнамасыныӊ нормаларана сәйкес өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ БАҚ-пен байланыс бөлімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны