02.12.2009, 17:00 3013

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды - Бас прокуратура

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды - Бас прокуратура

Алматы. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, Айдын Жантелеевтің іс-әрекеттерінен қылмыстық құрам анықталған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас прокуратурасының хабарламасына сілтеме жасап.

"Қылмыстық іс бойынша қудалауды тоқтатуға ұлттық қауіпсіздік органының қызметкерлері тарапынан жіберілген өрескел заң бұзушылықтар негіз болды. Айғақ адамдар іс жүзінде Айдын Жантелеев ұсталғаннан кейін 20 - 30 минут өткенде қатыстырылған. Оның үстіне белгілі болғанындай, айғақ адамдардың бірі ұстау оқиғасына қатысқан ҰҚК органы қызметкерлерінің бірінің туысы болып шықты. Бұл да қылмыстық- процессуалдық заңның талаптарына қайшы келеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, "хаттамаға стационарлық жер асты автотұрағынан бейнежазбаның алыну дерегі енгізілмеген". Сонымен қатар хабарламаға сәйкес, бұл бейнежазба "іс материалдарына қосылмаған және Бас прокуратураның тергеу тобына тек бірнеше мәрте еске салудан кейін ғана берілген. Бұл бейнежазбада ақау іздері бар".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 5 қарашасында ҰҚКД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласындағы жер асты автотұрақтарының бірінде ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті төрағасының орынбасарын құрықтады.

"Жеке тексеру кезінде оның шалбарының қалтасынан бөлекше иісі бар жасыл түсті зат, ал оның пиджагының қалтасынан өсімдік тектес зат шықты. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша ұсталғанның қалтасынан шыққан зат гашиш есірткілік заты, ал өсімдік тектес зат - марихуана болып шықты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тәркіленген есірткілік заттың көлемі аса ірі көлемге саналады. Сондай-ақ, осы орайда сол күні жүргізілген сот-токсикологиялық сараптама қорытындысы ұсталғанның наша шегіп алғанын көрсетіп берді", - деп хабарлайды ҰҚКД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны