11.12.2006, 18:06 2883

Қазақстан Республикасы ІІМ ұялы телефондарды ұрлауға қарсы күрес бағдарламасын әзірледі

АСТАНА. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Ішкі істер министрлігі ұялы телефондарды ұрлауға қарсы күресудің арнайы бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы бүгін ІІМ басшысы Б.Мұхамеджанов үкіметте өткен отырыста мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Министрдің сөзінше қылмыс санының жалпы төмендеуіне (3,1 %) қарамастан қылмыстың кейбір түрлері "кең таралған" қалпында қалып отыр. Б.Мұхамеджановтың мәліметтері бойынша ішкі істер органдарында үстіміздегі жылдың 11 айында тіркелген 106 мың қылмыстың 47 % ұрлық құрап отырса, ал ұрлықтың ішінде 40 % ұялы телефондарды ұрлауға тиесілі.

Министр: "біз қазір қылмыстың осы түрін бейтараптандыру бойынша шаралар қабылдап жатырмыз", - деп атап өтті. Оның сөзінше Ресей, соның ішінде Қазандағы озық тәжірибелер зерделенген. "Біз еліміздегі ұялы телефондарды ұрлауды бейтараптандыру бойынша ұқсас бағдарлама әзірледік, істің мәні ұялы телефондарды ұрлаудың пайдасыз іс болуына әкеп соқтыру", - деді министр. Яғни, ұрланған телефондарды пайдалануға болмайтындай ететін техникалық мүмкіндіктер қолдану жоспарланып отыр.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша Қазақстанда 11-22 желтоқсан аралығында "ІІМ: ұялы телефон үйге қайтады" атты шара өтеді. Шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ұялы байланыс операторлары мен ұялы телефон сатушыларының арасындағы ықпалдастық тексерілмек. Аталмыш шара туралы толық ақпараттарды ІІМ дүйсенбі, 12-желтоқсан күні жария етпекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны