10.09.2009, 15:25 3069

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің төрағасы болып тағайындалды

Семей. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Қалмұханбет Қасымов Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің төрағасы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны ІІД-нің жеке құрамына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич таныстырды.

"Шығыс Қазақстан облысы аумағы жағынан еліміздегі ең ірі облыстардың бірі және қылмыстық ахуал мәселесі бойынша еліміздегі ең бір күрделі өңір болып табылады. Ішкі істер органдарында жауапты, жоғарғы лауазымдарда үлкен тәжірибе жинақтаған Қ. Қасымов облыстық полицияны заң-тәртіпті сақтау мен қылмыспен күресте лайықты басқаратын болады", - деді А. Кулинич.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысының өкімдерімен : Амантай Акрамұлы Иубәкіров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне; Александр Васильевич Кулинич Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов және Александр Михайлович Саванков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарлары қызметтерінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны