16.03.2016, 18:27 3692

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Искери-теӊіз күштері зымыран-артиллериялық корабльдерініӊ экипаждары оқу-жаттығу өткізуде

Оқу жылыныӊ басталысымен Каспий теӊізініӊ қазақстандық секторында арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға әрбір корабльді дайындау бағдарламасыныӊ құрамды бөлігі болып табылатын курстық тапсырмаларды тапсыру процесі жүріп жатыр

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Оқу жылыныӊ басталысымен Каспий теӊізініӊ қазақстандық секторында арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға әрбір корабльді дайындау бағдарламасыныӊ құрамды бөлігі болып табылатын курстық тапсырмаларды тапсыру процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен жыл бойынша барлық экипаждар базада корабльдіӊ тұрақтауы кезіндегі жауынгерлік және күнделікті ұйымдастырылу элементтерін сәтті пысықтады. Қазіргі уақытта "Қазақстан" зымыран-артиллериялық кораблініӊ экипажы К-2 курстық тапсырманыӊ элементтерін пысықтауда. Бұл дегеніміз - корабльдіӊ жүзуі және жеке дара корабльмен жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Бүгінде "Қазақстан" кораблі жоспарға сәйкес 3 шақырымға дейінгі қашықтыққа артиллериялық оқ атуларды өткізуге дайын. Шартты қарсыласты бұл мақсаттар үшін арнайы арналған сүйретілетін нысана қалқаны елестетеді. Сонымен қатар алдағы күндер ішінде ауа райы жағдайына қарай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Искери-теӊіз күштерініӊ өзге де корабльдері К-2 тапсырмасын орындай отырып, елестетілген әуе және суүсті нысана бойынша зениттік зымырандармен оқ атуды жүзеге асырады.

Қазіргі таӊда Каспий теӊізініӊ қазақстандық секторында жауынгерлік кезекшілік атқарып жүрген "Сарыарқа" кораблі де қатарласып жаттығуларды пысықтауда.

Зымыран-артиллериялық корабльде курстық тапсырмалардыӊ қазіргі кездегі пысықталуы мен тапсырылуы сапасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Искери-теӊіз күштері бас қолбасшысыныӊ орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов тексерді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны