23.04.2015, 19:00 3764

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері - әлем біріншіліктерініӊ жүлдегерлері жауынгерлік әзірліктен өтті

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ құрама командасыныӊ құрамына кіретін ҚР Қорғаныс министрлігі Армияныӊ орталық спорт клубыныӊ әскери қызметшілері жауынгерлік даярлық бойынша спорттық бағдарлау, биатлон және шаӊғы жарысынан сынақтар тапсырды

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштерініӊ құрама командасыныӊ құрамына кіретін ҚР Қорғаныс министрлігі Армияныӊ орталық спорт клубыныӊ әскери қызметшілері жауынгерлік даярлық бойынша спорттық бағдарлау, биатлон және шаӊғы жарысынан сынақтар тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бір апта бойы Алматыдағы ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттықтыру базасында армияныӊ он бір спортшысы, олардыӊ ішінде бірнеше мәрте әлемніӊ және құрлықаралық біріншіліктерініӊ үздік жеӊімпаздары, чемпиондар, олимпиадажәне азиялық ойындарыныӊ қатысушылары іс жүзінде жауынгерлік қабілетін анықтайтын тапсырмаларды орындады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осы орайда, "Іле" полигонында Калашников ("УКС-4", және "АК-1") автоматы мен Макаров (УУС-1) пистолетінен атыс бойынша оқу-жаттығу өткізіліп, сонымен бірге саптық, арнайы даярлықтар және жаппай қырып-жою қаруынан қорғану бойынша сынақтар өткізілді.

Спортшылар (аға лейтенант Денис Власов, сержанттар Елена Коломина мен Татьяна Осипова, кіші сержанттар Диас Кенешов, Ян Савицкий, Риана Хасанова, Эльмира Молдашева, Аслан Тоқбаев, Евгений Величко және Алина Райкова, старшина Николай Чеботько) аталған пәндер бойынша тапсырмаларын сәтті орындап, өздерініӊ сыныптық біліктілігін дәлелдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны