18.07.2012, 11:25 5701

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жаңа құрылымы бекітілді

Жарлыққа сәйкес Қарулы Күштерді басқару жоғарғы әскери-саяси органы болып, соғыс уақытында Қарулы Күштердiң барлық қызметiне жалпы басшылық жасауды және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы басқаруды жүзеге асыратын Қарулы Күштерге жоғары басшылық жасаудың әскери-саяси органы - Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы) болып табылады.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 12 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" № 354 Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштерінің жаңа құрылымы бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

Бұл ақпаратты еліміздің Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі таратты.

Жарлыққа сәйкес Қарулы Күштерді басқару жоғарғы әскери-саяси органы болып, соғыс уақытында Қарулы Күштердiң барлық қызметiне жалпы басшылық жасауды және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы басқаруды жүзеге асыратын Қарулы Күштерге жоғары басшылық жасаудың әскери-саяси органы - Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы) болып табылады.

Қарулы Күштердің құрылымы Жоғарғы Бас қолбасшылық, әскери басқару органдары, Қарулы Күштер түрлері, арнайы әскерлер, Қарулы Күштердің тылы, әскери оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелерінен тұрады.

Искери басқару органдары: стратегиялық - Қорғаныс министрлiгi және Бас штаб, жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер тылы бастығының басқармалары, Қарулы Күштердің бас басқармалары, жедел-аумақтық - өңiрлiк қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармалары, жедел-тактикалық - әскер тектерi, Қарулы Күштер түрлерi қолбасшыларының басқармалары, тактикалық - құрамалар мен әскери бөлiмдердiң басқармалары, жергiлiктi - қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттер, басқармалар мен бөлiмдеріне бөлінеді.

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің шекарасы шегiнде "Астана", "Шығыс", "Батыс", "Оңтүстiк" өңiрлiк қолбасшылықтардың жауапкершiлiк аймақтары айқындалды.

Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 7 мамырдағы №1085, 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1472, 2009 жылғы 4 наурыздағы №762 Жарлықтарының күші жойылды ден танылды.

Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізілдi.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны