22.04.2015, 20:43 6366

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Жеке тұлғалардыӊ жеке пайдалану үшін тауарларды Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 18 маусымдағы) сәйкес кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлардыӊ құндық және салмақтық нормалары белгіленген. Осындай тауарлардыӊ кедендік құны баламалы 1500 евро (әуе көлігі үшін 10000 евро) сомасынан аспауы тиіс, ал тауардыӊ жалпы салмағы 50 кг артық болмауы керек

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Жеке тұлғалардыӊ жеке пайдалану үшін тауарларды Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 18 маусымдағы) сәйкес кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлардыӊ құндық және салмақтық нормалары белгіленген. Осындай тауарлардыӊ кедендік құны баламалы 1500 евро (әуе көлігі үшін 10000 евро) сомасынан аспауы тиіс, ал тауардыӊ жалпы салмағы 50 кг артық болмауы керек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Заӊын іске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасыныӊ 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексініӊ 464-бабыныӊ 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылды:

"Кеден одағына мүше мемлекеттердіӊ халықаралық шартында реттелмеген бөлігінде жеке тұлғалар Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарлардыӊ сипаты мен санын, жеке тұлғаныӊ Кеден одағыныӊ кедендік шекарасын кесіп өту және (немесе) оныӊ осы шекара арқылы тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып айқындайды.".

Осыған байланысты, "Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудыӊ критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрініӊ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына қол қойылды. Бұйрық Қазақстан Республикасыныӊ Иділет министрлігінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 10738 болып тіркелді.

Бұйрықпен Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудыӊ сандық критерийлері, сондай-ақ Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаныӊ өту және (немесе) оныӊ тауарларды өткізу жиілігі белгіленген.

Жоғарыда көрсетілген Бұйрық 2015 жылғы 21 сәуірде "Иділет" Қазақстан Республикасыныӊ Нормативтік құқықтық актілерініӊ ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған және 2015 жылғы 2 мамырда қолданысқа енгізіледі.

Ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ ресми сайтыныӊ "ҚР заӊнамасы" - "Нормативтік құқықтық актілер" - "Бұйрықтар" деген бөлімінде орналастырылды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны