17.12.2017, 18:24 3754

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеӊесінде Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігі Күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті

Конституциялық Кеӊес Төрағасы Қ. Мәми биыл Елбасыныӊ бастамасымен өткізілген конституциялық реформа мемлекеттіӊ саяси-құқықтық дамуындағы жаӊа парақты ашты деп атап өтті. Реформа нәтижесінде айрықша қорғалатын мызғымас конституциялық құндылықтардыӊ тізбесі кеӊейтілді.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today -Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеӊесінде Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігі Күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға Конституциялық Кеӊестіӊ Төрағасы мен мүшелері, аппарат қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау және өзге де органдардыӊ өкілдері, шақырылған қонақтар қатысты.

Жиналысты аша отырып, Конституциялық Кеӊес Төрағасы Қ. Мәми биыл Елбасыныӊ бастамасымен өткізілген конституциялық реформа мемлекеттіӊ саяси-құқықтық дамуындағы жаӊа парақты ашты деп атап өтті. Реформа нәтижесінде айрықша қорғалатын мызғымас конституциялық құндылықтардыӊ тізбесі кеӊейтілді. Олардыӊ қатарына, Республиканыӊ біртұтастығымен, аумақтық тұтастығымен және оны басқару нысанымен қатар, мемлекеттіӊ тәуелсіздігі, тәуелсіз Қазақстанныӊ Негізін салушы, Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы іргесін қалаған Республика қызметініӊ түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ мәртебесі жатқызылды.

Мызғымас құндылық ретінде мемлекет тәуелсіздігініӊ маӊызы және еліміздіӊ егемендік жылдары ішіндегі жетістіктері туралы Конституциялық Кеӊес мүшесі И. Меркель сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол мемлекеттілік - кез-келген халықтыӊ өмір сүруі үшін аса маӊызды шарт деді. Халықтыӊ тағдыры, бүгіні мен келешегі, өсіп-өркендеуі осы мемлекеттілікпен, оныӊ өркениетті дамуымен байланысты. Тәуелсіздік - барша қазақстандықтар үшін еӊ қасиетті құндылық.

Өзініӊ шешімдері арқылы Конституциялық Кеӊес Республиканыӊ мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Өзі құрылған уақыттан бері Конституциялық Кеӊес мемлекеттіӊ тәуелсіздігі мен егемендік құқығы туралы; мемлекеттіліктіӊ конституциялық негіздері туралы; аумақтық тұтастығы туралы; шекарасына қол сұғылмайтыны және аумағы бөліп берілмейтіні туралы; мемлекеттіӊ біртұтастығы және президенттік басқару нысаны туралы; халық пен мемлекеттік биліктіӊ бірлігі туралы; азаматтық туралы; мемлекеттік тіл туралы және тағы да басқа конституциялық нормаларға ресми түсіндірме берді.

Мемлекеттілікті одан да әрі нығайтуда, И. Меркельдіӊ пікірінше, Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында қамтылған іргелі идеялар үлкен рөл атқарады. Мақсатқа жету үшін біздіӊ санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаӊғырып отыруы тиіс.Рухани жаӊғыру - табысты ел болуымыздыӊ кепілі.

Іс-шара аясында жиналғандар Конституциялық Кеӊестіӊ бұрынғы Төрағасы И.Роговты құттықтады. Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары қызметіне тағайындалуына орай, өзініӊ әріптесін құттықтай келеҚ. Мәми, И. Роговты Қазақстанныӊ нағыз патриоты, дарынды ғалым-ұстаз, қазіргі Қазақстан мемлекеттілігініӊ құқықтық іргетасы қалануы мен дамуына салмақты үлес қосқан мемлекет қайраткері ретінде білетінін, өзініӊ кәсібилігі мен жоғары мемлекеттік лауазымдарда ұзақ жылғы жемісті еӊбегіарқасында ол әріптестері мен жұртшылықарасында беделге ие болғанын атап өтті.

Конституциялық Кеӊестіӊ атынан И. Роговқа ведомстволық награда - "Конституциялық заӊдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін" медалы табыс етілді.

Марапаттау барысында Жоғарғы Соттыӊ, Бас прокуратураныӊ, Иділет министрлігініӊ және өзге де құрылымдардыӊ өкілдері сөз сөйлеп, олар да И. Роговтыӊ ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мен дамытудыӊ тұжырымдамасын әзірлеуге үлкен үлес қосқанын атап өтті.

Мереке қарсаӊында Конституциялық Кеӊес аппаратыныӊ бірқатар қызметкерлері мемлекеттік және өзге де наградалармен марапатталды.

Конституциялық Кеӊес аппараты қаржы-шаруашылық бөлімініӊ бас консультанты Айжан Қойшыбайқызы Есенғалиева "Ерен еӊбегі үшін" медалімен наградталды.

Одан тыс, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердіӊ Парламентаралық ассамблеясыныӊ "ТМД ПАА 25 жыл" естелік белгісімен Конституциялық Кеӊестіӊ мүшесі Р. Мұқашев наградталды.

Салтанатты жиналыстыӊ соӊында Конституциялық Кеӊес Төрағасы Қ. Мәми келгендердіӊ бәрін ұлттық мерекемен тағы да құттықтап, мықты денсаулық, қызметте сәттілік тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны