03.02.2017, 19:49 6901

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қаралуда

Астана қаласындаға қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ бірнеше лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қаралуда,- деп хабарлайды ҚР Искери сотыныӊ баспасөз қызметі.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласындаға қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ бірнеше лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қаралуда,- деп хабарлайды ҚР Искери сотыныӊ баспасөз қызметі.

Алдын-ала тергеу органдары ҚР Қарулы Күштерініӊ әскерлерді пәтерлерге орналастыру Бас басқармасыныӊ, ҚР ҚМ бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментініӊ офицерлер қатарындағыларға, сондай-ақ жеке кәсіпкерге 2013 жылдыӊ наурызынан 2014 жылдыӊ наурызына дейінгі аралықта ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тақты.

"Аталған қылмыстық топ аудандық пайдалану бөлімініӊ жеке басшыларымен серіктесе отырып жоғарыда көрсетілген жеке кәсіпкер басқарып отырған фирма арқылы бюджеттік қаражаттан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ қажеттіліктері үшін тауар-материалды құндылықтарды сатып алу мақсатында қосымша қаржыландыру ретінде бөлінген аса ірі мөлшердегі 2 млрд 940 млн теӊгеден астам сомманы ұрлаған.

Осы қылмыстық іс бойынша 11 адам сотқа берілген. Қылмыстық істіӊ көлемі 168 томда. Басты сот талқылауында 100-ден астам куә сұралды, олардыӊ көпшілігі бейнеконференция режимінде қашықтықтан сұралған.

Қазіргі уақытта істіӊ қаралуы аяқталуға жақын", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны