02.07.2015, 15:18 3610

Қазақстан Республикасы мен Непал арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды

Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Непалдыӊ Тұрақты өкілдері Қайрат Ибдірахманов пен Дурга Прасад Бхаттарай екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Бірлескен коммюникеге қол қойды

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Непалдыӊ Тұрақты өкілдері Қайрат Ибдірахманов пен Дурга Прасад Бхаттарай екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Бірлескен коммюникеге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қол қою рәсімі кезінде екіжақты деӊгейдегі ынтымақтастықтыӊ келешегі туралы пікір алмасып, БҰҰ күн тәртібіндегі екі жаққа маӊызды мәселелер талқыланды. Соныӊ ішінде, теӊізге шығуға жолы жоқ, тұрақты дамудыӊ мақсаттарын құрастыру, климаттыӊ өзгеруі мәселесі және т.б. Тараптар өзара тиімді байланыстарды кеӊейтудіӊ маӊыздығына, әсіресе туризм, сауда, мәдениет және білім беру салаларын кеӊейтуге көніл аударды. Елдердіӊ қауіп-қатерлерді азайту және апаттарда жәрдемдесу саласында, соныӊ ішінде Алматыдағы Гуманитарлық көмек пен тұрақты даму бойынша БҰҰ аймақтық хабын құру бастамасын жүзеге асыру арқылы өзара әрікеттесу маӊыздығын атап өтілді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Непал Елшісі Қазақстанмен бар потенциалды іске асыруға, соныӊ ішінде СІМ-аралық консультациялар, сондай-ақ екі елдіӊ парламенттерініӊ арасындағы ынтымақтастық құралдарын қолдану арқылы тұрақты әріптестік орнататынына үміт білдірді.

Непалдыӊ Қазақстанда өтетін еӊ ірі іс-шаралардыӊ бірі болып саналатын "Болашақ энергиясы" тақарыбындағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатындығына үміт білдірді.

Д. Бхатттарай Қазақстан тарапына Непалдағы жер сілкінісіне байланысты 200 мыӊ АҚШ доллары көлемінде көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.

Бекітілген тәжерибиге сәйкес, дипломатиялық қатынастар орынатылғаннан кейін Қазақстан мен Непал өз қос өкілдік ететін Елшелерін тіркейді.

Непал - Гималайдыӊ орталық бөлігінде, Оӊтүстік Азияда орналасқан, халқыныӊ саны - 30 миллионнан астам. Үкіметтік басқару түрі - парламенттік республика.

Непал экономикасыныӊ басты секторы туризм болып табылады. Сыртқы саясатта Непал барлық елдермен достық қарым-қатынаста болу мен қосылмау қағидаттарын ұстанады.

Непал БҰҰ, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Қосылмау қозғалысы және Оӊтүстік Азия өӊірлік ынтымақтастық ассоциациясыныӊ (Катмандудағы штаб-пәтерімен бірге) мүшесі, сонымен бірге көпвекторлы техникалық және экономикалық ынтымақтастық бойынша Бенгал шығанағы бастамасына мүше.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны