29.06.2009, 11:11 1467

Қазақстан Республикасы өз азаматтарын қылмыстардан сақтандыру жүйесін енгізуі мүмкін

Қазақстан Республикасы өз азаматтарын қылмыстардан сақтандыру жүйесін енгізуі мүмкін

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы өз азаматтарын қылмыстардан сақтандыру жүйесін енгізуі мүмкін. Бұл мәселе еліміздің Бас прокуроры Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен құқық қорғау мекемелерінің үйлес іру кеңесінің кезекті мәжілісінде талқыланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

Алдағы уақытта түрлі қылмыстардан зардап шеккен адамдардың құқықтарын қорғау, шығынын қайтару мәселелері шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, жетілдіріледі. Мәжілісте Елбасы тапсырған заңдардың орындалуы мен қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық қорғау мекемелері арасындағы байланысты үйлестіру жайы да пысықталды. Кеңесте азаматтардан заңсыздықтарға қатысты ақпарат алу, сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын алу барысында әлі де кемшіліктер көп екендігі айтылды. Осыған орай құқық қорғау мекемелерінің жұмысы одан әрі жетілдірілетін болады, делінген "Хабар" агенттігінің телесюжетінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны