24.01.2008, 16:49 3047

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Египет президентімен кездеседі

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Египет президентімен кездеседі

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Египет президентімен кездеседі, деп хабарлайды агенттік мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин бастаған парламенттік делегация Египет Араб Республикасына аттанды.

Бұл ресми сапар Египет Араб Республикасы Халық жиналысының төрағасы Ахмад Фатхи Сурор мырзаның арнайы шақыруымен жүзеге асып отыр.

Осы сапар барысында мәжіліс төрағасы Мысыр президенті Мұхаммад Хұсни Мүбәрәкпен, сол елдің премьер-министрі Ахмад Назифпен, Халық жиналысының төрағасы Ахмад Фатхи Сурормен және басқа лауазым иелерімен кездесетіні жоспарланған.

Сонымен қатар Аслан Мусин Мысыр елінде білім алып жатқан Қазақстан студенттерімен де жүздеспекші.

Сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан мен Мысыр елдері арасында саяси байланысты, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мен дамыту.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны