21.04.2015, 17:58 3048

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Гани Ныгыметовтіӊ қатысуымен "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдаудыӊ жаӊа ережелері және құжаттарды қабылдау туралы" тақырыбында брифинг болып өтті.

1993 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Болашақ" халықаралық стипендиясы - бұл ұлттық экономиканыӊ түрлі салалары үшін әлемніӊ үздік жоғары оқу орындарында 8 мыӊға жуық жоғары білікті маман даярлаған Қазақстандағы еӊ табысты білім беру бағдарламасы болып табылады

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - 1993 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Болашақ" халықаралық стипендиясы - бұл ұлттық экономиканыӊ түрлі салалары үшін әлемніӊ үздік жоғары оқу орындарында 8 мыӊға жуық жоғары білікті маман даярлаған Қазақстандағы еӊ табысты білім беру бағдарламасы болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

13 сәуірде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттар қабылдау ресми түрде басталды. Стипендиаттар оқи алатын 2015 жылға басым мамандықтар тізбесі 343 мамандықты қамтиды, олардыӊ арасында 141 - техникалық, 79 - медициналық және 123 - гуманитарлық бағыттағы мамандық. Оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарыныӊ тізімі Times Higher Education, QS және Academic Ranking of World Universities, THE 100 under 50 және QS 50 under 50 халықаралық рейтингілерінде, ұлттық рейтингілерде тек алдыӊғы орындардағы 229 университетті қамтиды.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті 2015 жылғы конкурстық іріктеу 13 сәуірден бастап 1 қазанға дейін жалғасатынын айтты, ол сонымен қатар Үміткерлерді іріктеудіӊ жаӊа ережесініӊ қабылданғандығын және оған сәйкес қазақстандық магистр дәрежесі бар адамдардыӊ да үміткер болуларына мүмкіндіктері бар екендігін атап өтті.

"Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарын академиялық даярлау бағдарламаныӊ басым бағыты болып қалмақ, біз елді индустриализациялау, "Нұрлы Жол", АӨК, ЭКСПО өзекті жобалары үшін мамандар даярлауға көӊіл бөліп отырмыз. Үстіміздегі жылдан бастап еліміздегі 11 тірек жоғары оқу орнында "Болашақ" шеӊберінде ИИДМБ үшін кадрлар даярлау бойынша елдіӊ 11 тірек жоғары оқу орнында отандық ғалымдардыӊ ғылыми зерттеулерін қазақстандық мазмұнға бағытталуына мүмкіндік беретін Split PhD жаӊа моделі іске қосылды", деді өз сөзінде Гани Ныгыметов. Сонымен қатар, жаӊалықтардыӊ бірі тілдік даярлаудыӊ "6+6" жаӊа моделініӊ іске қосылуы, ол бойынша тілдік даярлықтыӊ алғашқы 6 айы Қазақстандағы екі тілдік мектеп - Назарбаев Университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, кейінгі 6 ай шетелде өтетіндігі айтылды.

Бағдарлама іске асырылған жылдарда 11 126 стипендия тағайындалып, 7 929 маман даярланды. 98% бағдарлама түлегі жұмысқа орналастырылды, олардыӊ 45%-ы өз білімдерін мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде, 2,5% - ұлттық компанияларда, 11% - халықаралық ұйымдарда, 39,5% - жеке секторда қолдануда.

Ағымдағы жылы құжаттар қабылдау үш кезеӊде өтеті: 13 сәуірден 8 мамырға дейін, 8 маусымнан 10 шілдеге дейін, 10 тамыздан 1 қазанға дейін.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны