26.03.2015, 15:46 4029

Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетенініӊ мәтінін бекітті

Сайлау бюллетендерініӊ саны, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардыӊ жалпы саныныӊ бір пайызын қоса 9 451 057 дананы құрайды.

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заӊыныӊ 12-, 24- және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерін орталықтандырып дайындау туралы шешім қабылдап, сайлау бюллетенініӊ мәтінін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сайлау бюллетендерініӊ саны, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардыӊ жалпы саныныӊ бір пайызын қоса 9 451 057 дананы құрайды.

Сайлау бюллетендері облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына арнайы байланыспен 2015 жылғы 20 сәуірден кешіктірмей жеткізіледі. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары сайлау бюллетендерін 2015 жылғы 24 сәуірден кешіктірмей учаскелік сайлау комиссияларына жеткізуді және беруді қамтамасыз етулері қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны