31.10.2007, 18:33 6295

Қазақстан Республикасы президентінің парламенттегі өкілдігінің басшысы мен президент әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Қазақстан Республикасы президентінің парламенттегі өкілдігінің басшысы мен президент әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі тағайындалды.

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы президентінің парламенттегі өкілдігінің басшысы мен президент әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының өкімдерімен Бақытжан Жарылқасымұлы Ибдірайымов Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды;

Ерлік Ибдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны