Система Orphus

Қазақстан Республикасы Президентініӊ жарлығы бойынша ҰҚК Шекара қызметініӊ екі әскери қызметшісі мемлекеттік наградалармен марапатталды.

06.05.2015, 22:52 1364

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы атынан Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы Нұртай Ибіқаев ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін Қостанай шекара отрядына қарасты "Қайрақ" (автомобильдік) бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушысы сержант Александр Боргертке, ал "Жауынгерлiк epлiгi үшiн" медалін Жаркент шекара отрядыныӊ командирі полковник Қанат Даишевқа тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сержант А. Боргерт өткен жылдыӊ қыркүйек айында "Қайрақ" (автомобильдік) бақылау-өткізу бекетіндегі қызметі барысында мемлекеттік шекара арқылы 32 килограммнан астам "героин" есірткісін алып өтпек болғандарды анықтады.

Ал полковник Қ. Даишев болса өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеніӊ қызметін жоғары деӊгейде ұйымдастырып, шеберлікпен басқара білгені үшін марапатталып отыр. Соныӊ нәтижесінде оныӊ басшылығы кезінде көптеген мемлекеттік шекара бұзушылар ұсталды. Соныӊ бір дәлелі ретінде, былтырғы жылы өз елінде адам тонау және алаяқтығы үшін іздеуде жүрген Франция азаматын ұстағандығын атап өткен орынды.

Ведомство басшысы марапатталғандарды жеке құрам атынан құттықтай отырып, оларға алдағы кезде де қызметтеріне табыс тіледі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны