02.08.2007, 10:23 2674

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен орталық атқарушы органының жауапты хатшысы қызметі енгізілді

АСТАНА. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен орталық атқарушы органының жауапты хатшысы қызметі енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-1, 22, 23 және 24-баптарына сәйкес және әкімшілік реформаны одан әрі жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін: Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында орталық атқарушы органның аппаратын басқаратын жауапты хатшы лауазымы енгізілсін",- делінген ресми БАҚ-тарда жариланған жарлықтың мәтінінде.

Бұл құжатқа сәйкес, жауапты хатшы Қазақстан Республикасының президенті Республика премьер-министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, ерекше мәртебеге ие мемлекеттік саяси қызметші болып табылады. Лауазымына қарай министрдің бірінші орынбасарына (Қазақстан Республикасы үкіметінің құрамына кірмейтін агенттік төрағасының бірінші орынбасарына) теңестіріледі; лауазымы бойынша Республика президентіне, Республика премьер-министріне және тиісті орталық атқарушы органның басшысына есеп береді;

Құжатта атап көрсетілгеніндей, "үкімет, орталық атқарушы органның басшысы отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшы өкілеттіктерін тоқтатпайды".

Сонымен қатар президент жарлығымен жауапты хатшының өкілеттіктері бекітілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны