17.04.2015, 21:58 3965

Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.И.Назарбаевтыӊ Республикалық қоғамдық штабыныӊ мүшелері Қостанай облысында болды. Олар өӊірдіӊ аграршыларымен, еӊбек ұжымдарымен кездесті, сондай-ақ, Ұлт Лидері жақтастарыныӊ Форумына қатысты.

"Ұлт лидері балаларға қамқорлық көрсетуде. Тек соӊғы жылдарда ғана Қазақстанда балалардыӊ құқықтарын қорғауға бағытталған 12 қаулы қабылданды", - деді Ирина Дмитриева.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесу барысында сөйлеген сөзінде бюджет саласыныӊ қызметкері, жетім балалар мен ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Рудненск коррекциялық № 1 мектеп-интернатыныӊ мұғалімі Ирина Дмитриева, ұстаздардыӊ өз Президентімен мақтанатындықтарын, себебі оныӊ ел келешегі - қазақстандықтардыӊ жаӊа буынына әкелік қамқорлық көрсетіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ұлт лидері балаларға қамқорлық көрсетуде. Тек соӊғы жылдарда ғана Қазақстанда балалардыӊ құқықтарын қорғауға бағытталған 12 қаулы қабылданды", - деді Ирина Дмитриева.

Облыс аграршылары да Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ атына ерекше алғыстарын білдірді. Мемлекет басшысы қолдауыныӊ арқасында аграрлық сектордыӊ қарқынды дамып жатқанын айтты. Фермерлер бүгінгі заманғы техникамен қамтамасыз етілген, шаруашылықтарында мал басы көбеюде, алқаптарда жер қыртысын өӊдеудіӊ озық технологиялары енгізілуде және инновациялық өӊдеуші кәсіпорындар ашылуда.

"Біздіӊ барлық уақытта да ертеӊгі күнге деген сеніміміз бар. Өйткені Ұлтымыздыӊ Лидері біздіӊ қамымызды ойлайды. Біз ауылдағы өмір сүру сапасыныӊ арта бастағанын сезіп отырмыз. Мәселен, біздіӊ ауылымызды мысалға алайықшы. Бізде бүгінгі заманғы мал шаруашылығы кешені, сүт өндеу цехы, наубайхана, мәденит үйі бар, таяу күндері қышқыл-сүт өнімдерін өӊдеу цехы іске қосылады", - деді "Садчиковское" ЖШС қызметкері Елена Шархиева.

Сондай-ақ РҚШ мүшелері "ЕвразКаспианСталь" ЖШС прокат зауытында болып, кәсіпорын қызметкерлерімен жүздесті. Зауыт "Индустрияландыру картасы" және "Бизнестіӊ жол картасы -2020" шеӊберінде салынған болатын.

"Мемлекет басшысы саясатыныӊ арқасында жыл сайын жаӊа зауыттар ашылып, тұтас бір салалар құрылуда. Бар-жоғы 4 жылдыӊ ішінде біздіӊ металлургиялық зауытымыз қарыштап дамып кетті! "ЕвразКаспианСталь" тек жұмыс тауып бермейді, жоғары айлықпен де қамтамасыз етеді! Біз Елбасыныӊ арқасында ертеӊгі күнімізге сенеміз!", - деді сөйлеген сөзінде зауыт жұмыскері Наталья Асташкина.

"ЕвразКаспианСталь" ЖШС директоры Сергей Сотников "біздіӊ жетістіктеріміздіӊ бәрі Елбасы есімімен байланысты, зауыттағы адамдар өз таӊдауларын жасап қойды, олардыӊ таӊдауы -Нұрсұлтан Назарбаев" дегенді баса айтты.

Сол күні РҚШ мүшелері "Корона" макарон өнімдерімен жұртқа танымал болған "Қостанай ұн-жарма комбинаты" ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кәсіпорын ұжымы отандық өндіріске қолдау көрсеткені үшін ел Президентіне шексіз алғыстарын білдірді.

Алдағы президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ кандидатурасын қолдау үшін Қостанай облысында мыӊдаған адамдардыӊ форумы ұйымдастырылды.

"Мемлекет басшысыныӊ ерекше көӊіл бөлуі мен қамқорлығыныӊ арқасында автөндіріс өндірістіӊ жылдам дамып жатқан секторларыныӊ бірі болды. Соӊғы 4 жылдағы еліміздіӊ ЖІӨ құрылымындағы оныӊ үлесі 4,5 есеге артты. Өндіріс өсімініӊ серпіні бүкіл еліміз бойынша салада 120 000 астам жаӊа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туғызды. Біздіӊ зауытымызда болғанда Президент отандық SsangYoug Nomad автокөлігімізге "Сәт сапар!" деген жазба қалдырды. Бұл тілек бізді жаӊа биіктерді бағындыруға жетелейді!", - деп атап өтті форум барысында сөйлеген сөзінде "Агромашхолдинг" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Александр Сидоренко.

Форумда қостанайлықтар 26 сәуірде Қазақстанныӊ жаӊа жеӊістері, яғни, - Елбасы үшін дауыс беретіндерін мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны