03.04.2015, 22:15 2615

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі "Р5+1" және Иранныӊ келіссөздеріне қатысты мәлімдемесі

Біз ИИР ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдайды, халықаралық қауіпсіз\ядік жүйесін нығайтуға өз септігін тигізетін, саяси-дипломатиялық жолмен шешуді қолдаймыз

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан 2015 жылғы 2 сәуір күні Лоззанда Иран Ислам Республикасы (ИИР) мен Иран ядролық бағдарламасын реттеу жөніндегі халықаралық дәнекерлердіӊ "алтылығы" қол жеткізген саяси рамалық келісімдерін қолдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біз ИИР ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдайды, халықаралық қауіпсіз\ядік жүйесін нығайтуға өз септігін тигізетін, саяси-дипломатиялық жолмен шешуді қолдаймыз, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Қазақстан, таратпау режимін толық ұстанған және ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде, келіссөздер үдерісіне өзініӊ іс жүзінде үлесін қосты. Біздіӊ тарап 2013 жылғы 25-26 ақпан және 5-6 сәуір аралығында келіссөздердіӊ екі раундын өткізу мақсатында өз алаӊын ұсынып, оныӊ нәтижелері бойынша Иран мен халықаралық келіссөздер жүргізуші тобы арасында өзара сенім атмосферасын туғызуға және конструктивті үнқатысуды алға тартуға айтарлықтай үлес қосылды.

Қатысушы мемлекеттердіӊ саяси ерігі сақталып, алдағы уақытта келісілген мерзім ішінде Иран ядролық бағдарламасы бойынша жалпыға бірдей келісімге қол жеткізуге кепілі болады деп сенеміз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны