07.02.2013, 12:03 3313

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

"Осы жылғы 4 ақпанда Иран өкілдері және ирандық ядролық бағдарлама бойынша халықаралық араағайындық алтылығы - Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдері өзара консультациялардан кейін ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің кезекті раундын осы жылғы 26 ақпанда Қазақстанда (Алматы) өткізу туралы шешім қабылдады.

Астана. 7-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің кезекті раундын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осы жылғы 4 ақпанда Иран өкілдері және ирандық ядролық бағдарлама бойынша халықаралық араағайындық алтылығы - Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдері өзара консультациялардан кейін ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің кезекті раундын осы жылғы 26 ақпанда Қазақстанда (Алматы) өткізу туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты ҚР СІМ Қазақстан бұл шешімді құптайтынын және бүкіл әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылықты ұстап тұру үшін өте маңызы зор осы келіссөздердің табысты өтуі үшін барлық қажетті жағдайды және қолайлы ахуалды жасайтынын мәлімдейді", - делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны