29.06.2016, 09:47 3866

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ мәлімдемесі

Қазақстан 2016 жылғы 28 маусымда Ыстанбұл қаласында орын алған террористік актіні қатаӊ айыптайды

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан 2016 жылғы 28 маусымда Ыстанбұл қаласында орын алған террористік актіні қатаӊ айыптайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Түркия үкіметіне және бауырлас халыққа, осы зұлымдық әрекет құрбандарыныӊ туыстары мен жақындарына қайғырып көӊіл айтамыз.

Қазақстан терроризмніӊ кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзініӊ толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кеӊ ауқымды халықаралық коалиция (желі) құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үлестіруді барынша нығайтуға шақырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны