26.01.2015, 16:14 4364

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ Украина оӊтүстік-шығысындағы жағдайға қатысты Мәлімдемесі

Украинадағы қақтығыстыӊ ушығуына байланысты, әсіресе, бейбіт тұрғындардыӊ қаза табуына әкелген атыстарға ерекше алаӊдаушылығымызды білдіреміз

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Украинадағы қақтығыстыӊ ушығуына байланысты, әсіресе, бейбіт тұрғындардыӊ қаза табуына әкелген атыстарға ерекше алаӊдаушылығымызды білдіреміз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Украинаныӊ оӊтүстік-шығысындағы дағдарысты жағдайды реттеуде бейбіт келіссөздерден басқа жол жоқ екеніне кәміл сенімдіміз, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Тараптарды қақтығысты жағдайды барлық қатысушылар өз мойындарына алған міндеттерді орындауға, соныӊ ішінде Минск келісімдерінде көзделген міндеттерге негізделген бейбіт жолмен шешуге шақырамыз.

Қазақстан өз кезегінде украиндық дағдарысты реттеу мақсатында тараптарға қолайлы кез-келген форматта және кез-келген уақытта келіссөздер өткізу үшін өз алаӊын ұсынуға дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны