07.11.2012, 13:22 2965

Қазақстан Республикасы сот органдарының Байланыс орталығы құрылды

Байланыс орталығы жұртшылықтың Қазақстан Республикасы сот органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Жоғарғы Сот және Департаментке телефон арқылы хабарласуларын, өтініштерін қабылдау мен өңдеуді жүзеге асыратын жабдықты-бағдарламалық кешен.

Астана. 7-қараша. Kazakhstan Today - ҚР сот органдарының Байланыс орталығы 1 қарашадан бастап өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінен (Жоғарғы Сот аппараты) хабарлады.

Байланыс орталығы жұртшылықтың Қазақстан Республикасы сот органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Жоғарғы Сот және Департаментке телефон арқылы хабарласуларын, өтініштерін қабылдау мен өңдеуді жүзеге асыратын жабдықты-бағдарламалық кешен.

Жеке азамат, заңды тұлғаның өкілі сыртқы телефон нөмірі арқылы Қазақстан Республикасы сот органдарының Байланыс орталығының мына бірыңғай нөміріне хабарласа алады 8(7127) 747979 .

Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында оператор мен телефон шалушының сөздері жазылып алынады.

Жұмыстан тыс уақытта оператор жауабының орнына Жүйе Байланыс орталығы операторының жұмыс кестесі туралы хабарламаны жариялайды. Бұл ретте Жоғарғы Сот пен Департаменттің басшылығына жеке қабылдауға жазылу автоматты түрде жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны