10.06.2008, 13:04 1315

Қазақстан Республикасы үкіметі Kazakhmys PLC акцияларының 15 % сатып алды

Қазақстан Республикасы үкіметі Kazakhmys PLC акцияларының 15 % сатып алды

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы үкіметі Kazakhmys PLC акцияларының 15 % сатып алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін Қазақстан Республикасы үкіметі "Қазақстан Республикасында тау-кен металлургиялық саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" қаулы қабылдады, соған сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі Kazakhmys PLC акционерлік капиталына қатысу үлесін сатып алады".

Хабарламаға сәйкес, Kazakhmys PLC акциялар пакетін сатып алу акцияларды айырбастау жолымен жүзеге асырылады: ҚР Үкіметі "Eurasian Natural Resources Corporation" (одан әрі - ENRC PLC) акционерлік компаниясындағы мемлекеттік акциялар пакеті бөлігін Kazakhmys PLC компаниясына береді, ал Kazakhmys PLC компаниясы акцияларының қосымша шығарылымын ҚР Үкіметіне айырбастауға береді.

"Осылайша, Қазақстан Республикасы Лондон қор биржасында орналастырылған екі ірі қазақстандық тау-кен компаниясының ірі акционеріне айналады. Осы келісімнің нәтижесінде, ҚР үкіметі ҚР тау-кен саласына мемлекеттік ықпал етуді күшейтеді, сондай-ақ кейбір металдар мен металлургиялық өнімдер түрлерінің әлемдік баға сілкінісіне тәуекелділікті қысқарту арқылы өз инвестициялық портфелін әртараптандырады",- делінген хабарламада.

Екі компания қөздерінің активтерінің құнын едәуір арттыруға мүмкіндік берген Лондондағы ашық орналастыруды сәтті жүргізді және халықаралық қоғамдастықтың назарын Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетіне кенінен тартты.

Қаулы мәтініне сәйкес, айырбастауға жататын акциялар саны Лондон қор биржасындағы жабық сауданың нәтижесі бойынша есептелінген, үкімет қаулысына қол қойылғаннан бір ай бұрынғы, ENRC PLC орташа акциясының бағасына және Kazakhmys PLC компаниясының акциясының қатынасына орай анықталатын болады.

Келісімнің нәтижесінде ҚР үкіметі ENRC PLC акцияларының 11,65 % сақтап, Kazakhmys PLC акцияларының 15 % сатып алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны