19.01.2017, 18:20 8069

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ үздік офицерлері анықталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ Бас қолбасшылығында "Үздік батальон командирі", "Батальонныӊ үздік штаб бастығы" және "Батальон командирініӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары" байқауыныӊ қорытынды кезеӊі өтті

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 16-19 қаӊтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ Бас қолбасшылығында "Үздік батальон командирі", "Батальонныӊ үздік штаб бастығы" және "Батальон командирініӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары" байқауыныӊ қорытынды кезеӊі өтті,- деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланыныӊ баспасөз қызметі.

Үздік офицерлерді анықтауға арналған байқау олардыӊ жыл бойғы атқарған қызметтік-жауынгерлік қызметтерініӊ нәтижесінде жүргізілетін болатын. Биыл додаға Ұлттық ұланныӊ өӊірлік қолбасшылықтарында ұйымдастырылған байқаудыӊ бірінші кезеӊінен өткен 16 офицер қатысты.

Байқау шарасына қатысушыларға қойылар басты талап - Ұлттық ұлан әскери қызметшісініӊ лауазымы бойынша біліктілік талаптары мен білім деӊгейініӊ толықтай сай болуыеді.

"Бұл байқау шарасыныӊ нәтижесінде біздіӊ офицерлеріміздіӊ дайындық деӊгейін саралауға мүмкіндік туады. Искеріміз үшін үздік командирлер буынын анықтап, олардыӊ қарым-қабілеттерін одан ары арттыру - маӊызды іс. Осы арқылы еӊ жақсы деген мамандарымызды таӊдап, әскеріміздіӊ болашақ басшылығы үшін кадрлық резервін қалыптастырамыз", - деп атап өтті жүлдегерлерді марапаттаған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов.

Аталған байқау соӊғы үш жыл көлемінде үзбей өткізіліп келеді. Шараныӊ негізгі мақсаты - бөлімшелердегі қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерді жетілдіру, офицерлердіӊ командирлік дайындық деӊгейін арттыру, батальон звеносы бойынша лауазымдық тұлғалардыӊ кәсіби біліктілігін арттыруға ынталандыру, алғы тәжірибелермен алмасу, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерініӊ беделін қалыптастыру болып табылады.

Осы күндері байқауға қатысушылар саптық, тактикалық және дене шынықтыру дайындықтары бойынша нормативтерді, ату және атысты басқарудан сынақтар, сонымен қатар жалпы әскери жарғы талаптарын білуден емтихан тапсырды. Байқауда жүлделі орындарға қол жеткізген жеӊімпаздар Бас қолбасшылық тарапынан дипломдар, грамоталар және ақшалай марапаттарға ие болып қана қоймай, ҚР Ұлттық ұланыныӊ командалық звеносыныӊ кадрлық резервіне енгізіліп, жоғары лауазымдарға көтермеленіп, ұсынылатын болады.

5571 әскери бөлімініӊ батальон командирі майор Бағытжан Баламбаев (Алматы қаласы):

- Ұлттық ұлан сапында 2000 жылдан бері қызмет атқарып келемін. 2008 жылы аталған байқауға қатысқан болатынмын. Осы жолы бабым мен бағым жанды, үздік атанып отырмын. Бас қолбасшыныӊ қолынан үздік деген марапатымды алдым. Ирине, бұл маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Енді сенімді ақтауға тырысуға, осы үздік межеден түспеуге, тек биікке ғана ұмтылуым қажет. Оған мен дайынмын, - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ батальондық звеносы офицерлерініӊ арасында үздіктерді анықтауға арналған байқаудыӊ жеӊімпаздары:

"Үздік батальон командирі" номинациясы бойынша:

1 орын - майор БағытжанБаламбаев (5571 ә/б, Алматы қ.);

2 орын - подполковник Рашид Акперов (6654 ә/б, Қаракемер кенті);

3 орын - майор Еділжан Сырлыбаев (5573 ә/б, Астана қ.);

"Үздік батальон штабы бастығы" номинациясы бойынша:

1 орын - капитан Бақытнұр Тажбеков (5511 ә/б, Семей қ.);

2 орын - капитан Ардақ Күпеев (5451 ә/б, Қарағанды қ.);

3 орын - капитан Данияр Мұқаев (5517 ә/б, Орал қ.);

"Үздік батальон командирініӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары" номинациясы бойынша:

1 орын - майор Константин Стрелков (6654 ә/б, Қаракемер);

2 орын - майор Ерік Дүйсебаев (3650 ә/б, Алматы қ.);

3 орын - капитан Мақсат Мұқаев (6699 ә/б, Өскемен қ.).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны