08.08.2006, 15:05 2853

Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін реттеу мәселелері бойынша үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Республика үкіметінің 2006-жылдың 1-тамызындағы № 725 қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін реттеудің жекелеген мәселелері" атты 2000-жылғы 28-қаңтардағы №136 үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі мен осында болу, сондай-ақ, республика аумағынан шығу тәртіптерінің 9-шы бөлімінің 2-ші қайырмасы мынадай сөздермен толықтырылды: "егер Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы келісім-шарттарында басқаша жайттар қарастырылмаған жағдайда рұқсат берудің белгіленген реті күшіне енгенге дейін".

Қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны