04.04.2017, 17:54 4898

Қазақстан Республикасында 2013-2017 жылдарда 12 террористік акциялардыӊ жүзеге асырылуына жол берілмеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасыныӊ орынбасары Нұрғали Білісбеков Үкімет отырысы барысында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы баяндады.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі отырысында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы қаралды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасыныӊ орынбасары Нұрғали Білісбеков Үкімет отырысы барысында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы баяндады.

Н. Білісбеков бағдарламаны іске асыру кезеӊінде профилактикалық жұмыстарда оӊ өзгерістер байқалып, толеранттық діни түсінік пен радикалдық идеологияға деген иммунитет нығайып жатқанын айтты. Білім беру мекемелерінде діни экстремизмніӊ алдын алу шаралары күшейтілген. Интернет порталдар арқылы, әсіресе E-Islam арқылы дінге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сотталған радикалдармен Ақниет оӊалту орталығы жұмыс жүргізеді.

Аталған деректер бойынша, 2016 жылы дәстүрлі емес діни ағымдағылардыӊ шамамен 32%-ы атаулы профилактикалық шаралармен қамтылды. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдары барлығы шамамен 90% қамтылды.

Мақсатты бағытталған жұмыстар нәтижесінде салафиттер қауымдастығыныӊ 70 көшбасшысы мен белсендісініӊ қазақстандық қоғам құндылықтарына оӊ ниеті қалыптастырылды. Еліміздіӊ 91 азаматыныӊ халықаралық террористік ұйымдардыӊ әскери іс-қимылдарына қатысу үшін шетелге шығу ниеті іске аспай қалды, оған шектеу қойылды.

Есептік кезеӊінде ел аумағында 12 террористік және өзге де зорлық-зомбылық, экстремистік акциялардыӊ жүзеге асырылуына жол берілмеді. Террористік және діни-экстремистік қылмыстары үшін барлығы 123 радикал айыпталды.

Сондай-ақ ол қойылған міндеттерді орындау аясында күш құрылымдарыныӊ техникалық және ұйымдастырушылық әлеуеті арттырылатынын атап өтті. Террористік іс-қимыл тұрғысынан осал нысандардыӊ қауіпсіздігін арттыруға жағдайлар жасалған. Өӊірлік штабтардыӊ террористік қауіптерге орай шұғыл әрекет етуге әзірліктері арттырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны