08.01.2007, 15:38 3086

Қазақстан Республикасында оң тізгінді көліктерді қайта жабдықтауға жеті ұйымның құқығы бар

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді қайта жабдықтауға жеті ұйымның ғана құқығы бар. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қызметтің бұл түріне лицензия берілмейді, бізде Алматы қаласында лайық сертификатын беруге құқылы автокөлік ннституты бар, осының негізінде біз ұйымның қайта жабдықтаумен айналысуына рұқсат беретін куәлік береміз",- деп түсіндірді Ө. Түсімов. Оның сөзіне сүйенсек, мұндай ұйымдар тек Алматы мен Қарағанды қалаларында ғана жұмыс істеуде.

Ө.Түсімов тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді қайта жабдықтау "пайдасы шаш етектен" болатын жаңа бизнес деп санамайды. "Бұл бизнестің ғұмыры қысқа болмақ",- деді ол, Қазақстанға тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді кіргізуге тыйым салу заңдық күшіне енгенін ескерте отырып. Сонымен қатар, Ө. Түсімов қайта жабдықтау көлік құралының қауіпсіздігіне әсер етпейді деп санайды. "Тізгінді қайта орнату барысында көліктің барлық тетіктері ауыстырылады, жаңа қойылатын панельдер стандартқа сәйкестендіріледі",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны