03.01.2007, 11:09 3667

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді

АСТАНА. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы жөніндегі жарлыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев 29-желтоқсанда қол қойған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітуді қаулы етемін",- делінген.

Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының үкіметі бір ай мерзімде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлп бекітуге, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының үкіметіне мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынуға тиіс. Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының үкіметіне жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны