16.03.2018, 22:56 4198

Қазақстан Республикасындағы халық саны 18 177,7 мыӊ адамды құрады

2017 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 240,6 мыӊ адамға немесе 1,3% өсті

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 1 ақпанға еліміздегі халық саны 18 177,7 мыӊ адамды құрады, соныӊ ішінде қалалықтар -

10 439,6 мыӊ (57,4%), ауылдықтар - 7 738,1 мыӊ адамды (42,6%) құрады. 2017 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 240,6 мыӊ адамға немесе 1,3% өсті.

Халықтыӊ табиғи қозғалысы

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өӊдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаӊтарда туылғандар саны

33,3 мыӊ адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаӊтарға қарағанда 4,4% көп. Туудыӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,42 туылғандарды құрады.

2018 жылғы қаӊтарда республика халқыныӊ табиғи өсімі 2017 жылғы қаӊтармен салыстырғанда 2,5 мыӊ адамға немесе 13,1% көбейіп,

21,5 мыӊ адамды құрады. Табиғи өсімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,83 адамды құрады.

2018 жылғы қаӊтарда республикада 1 жасқа дейінгі 317 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаӊтармен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 7,1% көбейді.

Нәресте өлім-жітімініӊ негізгі себебі - перинаталдық кезеӊде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаӊтарда 146 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім саныныӊ 46,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 64 немесе 20,2%, тыныс органдары ауруларынан - 29 немесе 9,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 11 немесе 3,5% нәресте қайтыс болды.

2018 жылғы қаӊтарда нәресте өлім-жітімініӊ коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,53 құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өӊдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаӊтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердіӊ тіркелу саны 2017 жылғы қаӊтармен салыстырғанда 9,2% кеміп, 1 360 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардыӊ тіркелу саны 34,9% көбейіп, 2 258адам құрады, көші-қонныӊ айырымы -898 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

o ТМД елдерінен келгендердіӊ үлесі 78,1%;

o ТМД елдерге кеткендердіӊ үлесі 86,7% құрады.

Өӊіраралық көшіп-қонушылардыӊ үлесіне еліміздіӊ жалпы ішкі көшіп-қонушылар саныныӊ 33,3% кұрады. Өӊіраралық көші-қонныӊ оӊ айырымы:

o Астана қаласы - 1 058 адам;

o Алматы қаласы - 3 549 адам;

o Ақмола облысы - 157 адам;

o Маӊғыстау облысы - 26 адам қалыптасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны