25.02.2009, 17:27 3248

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы 4 наурызда мәжілістің жалпы отырысында қаралады

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы 4 наурызда мәжілістің жалпы отырысында қаралады

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Заңға Наурыз мейрамы кезіндегі демалысты үш күнге дейін ұлғайтуды көздейтін түзетулері бар "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы 4 наурызда мәжілістің жалпы отырысында қаралады. Бұл туралы мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында палатаның әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нүкетаева мәләм етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті кеше өткен кезекті отырысында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы бойынша депутат Виктор Рогалев пен Иділет министрінің орынбасары Марат Бекетаевтың баяндамаларын тыңдады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылғы мамырдың 29-ындағы сөзінде Наурыз мейрамын жаңа тұрғыда мерекелеу қажеттігін айтқан болатын. Заң жобасында мемлекеттік мереке Наурыз мейрамын қазіргі қолданыстағы 22 наурыз - бір күннің орнына 21-23 наурыз үш күн бойы мерекелеу ұсынылып отыр.

Наурыз - көктемгі жаңару, өмірді және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін тарихи қалыптасқан шығыс халықтарының мерекесі. Наурыз қазақтарда "Ұлыстың ұлы күні" деп аталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны