16.01.2014, 19:07 5061

Қазақстан Республикасының 100000-нан аса жасөспірім азаматы әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуге жатады

Барлығы 2014 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында осы жылы 17 жасқа толатын 100000-нан аса Қазақстан Республикасының азаматы тіркеуге жатады.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Жергілікті әскери басқару органдары республикамыздың азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді бастады. "Искери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Биыл 1997 жылы туған жасөспірімдер әскер қатарына шақырылу жасына дейінгілердің есебіне алынатын болады.

Жасөспірім жігіттер тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерде олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау мақсатында медициналық тексеруден өтеді. Денсаулықтарында елеусіз кемшіліктер анықталған жастарға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар беріледі. Олар онда әскерге шақырылу жасына дейін денсаулықтарын түзете алады.

Сонымен қатар әскерге шақыру пункттеріне тіркеу барысында жастар арасында әскери оқу орындарында білім алуға ниет білдіргендерге түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіледі.

Барлығы 2014 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында осы жылы 17 жасқа толатын 100000-нан аса Қазақстан Республикасының азаматы тіркеуге жатады.

Бұл іс-шаралар әскери қызметке шақырылу жасына дейінгі жастарды әскер қатарына дайындауға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны