05.07.2017, 10:35 6127

Қазақстан Республикасыныӊ 18 миллионыншы тұрғыны 2017 жылдыӊ 11 мамырында Талдықорғанда туған

Жалпы, тәуелсіздік жылдарында халық саны 1 562,5 мыӊ адамға немесе 9,5%-ға өсіп, ағымдағы жылдыӊ 1 маусымға 18 014,2 мыӊ адамды құрады.1991 жылымен салыстырғанда туғандар саны 353,2-ден 400,7 мыӊ адамға немесе 13,5%-ға өсті.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ деректері бойынша 2017 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы халқыныӊ саны 18 миллион адамға жетті, ал 18 миллионыншы тұрғынныӊ туған күні 2017 жылдыӊ 11 мамыр күніне сай келді, - деп хабарлады ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

18-ші миллионыншы тұрғынныӊ туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: халқы саныныӊ өсім (туу және иммиграция) және төмендеу (өлім және эмиграция) компоненттерін ескере отырып жасалды. Комитет 18-ші миллионыншы тұрғынды АХАТ органдары 2017 жылғы 11 мамырда тіркеген туу туралы акт жазбалары мәліметтері негізінде қалыптастырылған туған күндер базасындағы туған балаларды іздеу жолымен анықтады. Кандидатура олардыӊ аналарыныӊ тұрғылықты жеріне (қалалық/ауылдық жер), олардыӊ білім деӊгейі мен кәсіптер түріне, сондай-ақ жаӊа туған нәрестелердіӊ жынысы, салмағы мен бойына қарамастан тұтастай алғанда республика бойынша анықталды.

Осылайша, 18 миллионыншы тұрғын ретінде Алматы облысы Талдықорған қаласында туған Саматқызы Мүслима анықталды. Мүслима отбасында туу кезектіліне қарай екінші нәресте. Туған кездегі нәрестеніӊ салмағы туу сәтінде 3300 грамм, ал бойы 51 см болды. Нәрестеніӊ ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады: анасы - Омарханова Диана Ерікқызы - дефектолог, 1991 жылы туған, әкесі - Бестібаев Самат Еркінбекұлы - мұғалім - 1982 жылы туған, - деп атап өтті министр.

Жалпы, тәуелсіздік жылдарында халық саны 1 562,5 мыӊ адамға немесе 9,5%-ға өсіп, ағымдағы жылдыӊ 1 маусымға 18 014,2 мыӊ адамды құрады.

1991 жылымен салыстырғанда туғандар саны 353,2-ден 400,7 мыӊ адамға немесе 13,5%-ға өсті.

Қарастырылып отырған кезеӊде қайтыс болғандар саны 2,3%-ға азайып 2016 жылғы 131,2 мыӊ адамды құрады.

Өлім-жітімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 1991 жылғы 8,2-дан 2016 жылғы 7,4 қайтыс болғандарға төмендеді. Нәресте өлім-жітімі 1000 тұғандарға шаққанда 1991 жылғы 27,3-тен 2016 жылы 8,6 оқиғасына азайды.

Туудыӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда туылғандар саны көрсетеді. Тәуелсіздіктіӊ жылдар ішінде 1991 жылы 21,5-ден 2016 жылғы 22,5 туылғандарға өсті.

Туудыӊ жиынтық коэффициенті - туудыӊ маӊызды көрсеткіштерініӊ бірі, мемлекеттік тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылдарында 1 әйелге есептегенде 1991 жылғы 2,7-ден 1999 жылы 1,8 нәрестеге төмендеп, одан кейін біртіндеп өсті. 2016 жылы 1 әйелге есептегенде туудыӊ жиынтық коэффициенті 2,8 нәресте құрады.

Халықтыӊ күтілетін өмір сүру ұзақтығы 1991 жылмен салыстырғанда 4,7 жылға, оныӊ ішінде ерлерде - 5,3, әйелдерде 4,5 жылға өсті. 2016 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 72,3, ерлерде - 67,9, әйелдерде - 76,9 жылды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны